RU
Толық нұсқаға өту

Фото: senate.parlam.kz

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы ашылады

11.06.2026, 12:22 36

Сенат Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа орталық өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, техникалық көмек көрсетуге, тәжірибе алмасуға және орнықты даму саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталады.

"Өңірлік орталық  Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен және өңір мемлекеттерімен ынтымақтастығын нығайтуға арналған. Келісім Өңірлік орталықтың құқықтық мәртебесін, оны Қазақстан Республикасының аумағында орналастыру мен оның қызметінің тәртібін, ұлттық билік органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін, Орталық персоналының болуы мен қызметінің режимін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қаржылық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды",- делінген хаттамада.

Орталықтың қызметі консультативтік кеңес пен халықаралық комитет арқылы үйлестіріледі.

Қазақстан оның жұмысын қолдау үшін 2025-2029 жылдар аралығында жыл сайын 3 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.

Жоба Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы орнықты даму, климаттық тұрақтылық, әлеуметтік саясат және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, бірлескен бағдарламаларды іске асыру үшін құқықтық негіз құруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қоғам қайраткері, Сенаттың бұрынғы депутаты Ләззат Қалтаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті мүшелігіне сайланған болатын. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибесін жаһандық деңгейде танытуға мүмкіндік берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz