RU
Толық нұсқаға өту

Фото:saudagovkz

Алматы базарында 13 мыңнан астам қауіпті жұмыртқа сатылмақ болған

11.06.2026, 12:41 40

Алматыдағы «Барыс-IV» базарында жүргізілген ветеринарлық бақылау рейді кезінде құжатсыз және таңбаланбаған 13 680 дана тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, заңсыз өнім айналымнан алынып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1,3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

“Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды», деді ведомства өкілі.  

Тәркіленген жұмыртқалар адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, арнайы тәртіппен жойылды.

Рейдтен кейін сауда орындарына ветеринариялық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz