RU
Толық нұсқаға өту

фото: Sputnik Armenia

Жаңа халықаралық бағыт: FlyOne Armenia Қазақстан нарығына кірді

12.06.2026, 11:10 42

Қазақстан әуе нарығына жаңа компания кірді. Енді Астанадан Армения астанасына тікелей ұшуға болады, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгіннен бастап Арменияның «FlyOne Armenia» әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. 

Жаңа компания  2026 жылдың 12 маусымнан бастап Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) рейс орындай бастайды. 

Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады,– делінген ақпаратта.

Әуежайдың хабарлауынша, тікелей әуе қатынасы Қазақстан мен Армения арасындағы жолаушылардың байланысына қолайлы жағдай жасайды. Туристік, іскерлік және мәдени қатынастардың дамуына ықпал етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz