RU
Толық нұсқаға өту

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Иран Ормуз бұғазындағы порттан Қазақстанға жер телімін береді

17.06.2026, 10:55 47

Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портынан арнайы жер телімін бермек. Бұл екі ел арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, тауар тасымалын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл мәселе Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Иранның Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садектің кездесуінде талқыланды. Тараптар көлік дәліздерін дамыту, порт инфрақұрылымын жетілдіру және инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға келісті.

Иран тарапы Шахид Раджаи портынан Қазақстанға жер телімін бөлу рәсімдері аяқталғанын хабарлады. Сонымен қатар Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін Чабахар портында жұмыс істеу ұсынылды.

Өз кезегінде Қазақстан ирандық логистикалық компанияларға Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарынан арнайы алаңдар мен терминалдар ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Екі ел тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. 2025 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы сауда көлемі 26,4 пайызға өсіп, 430,2 миллион долларға жеткен. Алайда 2026 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш шамамен 30 пайызға төмендеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz