RU
Толық нұсқаға өту

Фото:Таиланд/виза

Визасыз 60 күн дәуірі аяқталды: Таиланд жаңа тәртіпке көшті

18.06.2026, 12:41 158

Таиланд билігі шетел азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты, деп хабарлайды «24KZ».  

Таиланд туризм басқармасының өкілдері шешімнің негізгі себебі — қауіпсіздікті күшейту екенін айтады.

Таиланд туризм басқармасының мәліметінше, 60 күндік визасыз режим енгізілгеннен кейін кейбір шетелдіктер елде заңсыз жұмыс істеу немесе көші-қон ережелерін бұзу жағдайлары көбейген. Осыған байланысты мерзімді қысқарту қажеттілігі туындаған.

Ведомство өкілдері бұл шешім туризм саласына айтарлықтай кері әсер етпейтінін атап өтті. Себебі туристердің орташа демалыс ұзақтығы шамамен 9 күнді құрайды, ал олардың 90 пайызы елде 30 күннен артық болмайды. 

Таиланд туризм басқармасының Еуропа нарығына жауапты өкілі Чиравади Кхунсубтың айтуынша, елде ұзақ уақыт тұрып, қашықтан жұмыс істеуді жоспарлайтын азаматтар үшін арнайы Digital Nomad визасы қарастырылған.

«Қазақстан азаматтары да осы визаны рәсімдеу арқылы Таиландта заңды түрде ұзақ мерзім бола алады. Қосымша ақпаратты Таиланд Корольдігінің Астанадағы елшілігінен алуға болады», – деді ол.

Digital Nomad визасы - қашықтан жұмыс істейтіндерге елде заңды түрде ұзақ мерзім тұруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz