Ақордада өткен жиында Қазақстандағы екі медициналық университетке қатысты үлкен өзгерістер айтылды, деп хабарлайды «24KZ».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана медицина университеті» жоғары оқу орнына «Ұлттық университет» мәртебесін беру туралы шешімді қолдады.
Президенттің айтуынша, аталған оқу орны цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен.
Осыған байланысты университет ең жоғары – ұлттық мәртебеге лайық деп танылды. Сондай-ақ мемлекет басшысы оқу орнына ғалым, Қазақстандағы тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін қалаушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру ұсынысын қолдады.
Ал Қарағанды медициналық университетіне оның негізін қалаған әрі ұзақ жыл басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің есімі берілетіні жарияланды. Биыл оқу орнының құрылғанына 125 жыл толып отыр.
Екі университет те еліміздегі беделді, тарихы терең және сұранысы жоғары медициналық жоғары оқу орындарының қатарында.
Тегтер #Астана #Қарағанды #денсаулық сақтау #ЖОО #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz