Қытайлар Түркістан тауларында қала тұрғызып, Қасқасуды қазақтың Куршевеліне айналдырмашы, деп хабарлайды «24KZ».
Әлемдегі ірі құрылыс компанияларының бірі China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) Түркістан облысындағы Қасқасу тау шатқалында халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курортын салуды жоспарлап отыр.
Облыс әкімдігі, бұл бастаманы Франциядағы әйгілі Куршевель курортының қазақстандық баламасы болады деп отыр.

Ол Төле би ауданы аумағында, Леңгер қаласынан шамамен 35 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан тау бөктерінде әлемде теңдесі жоқ экологиялық демалыс аймағы бой көтереді.
Курорт аумағында мұз пішіндес ерекше қонақүйлер, отбасылық демалыс аймақтары, бизнес-кластерлер, ойын-сауық және спорт нысандары орналастырылады.
Қытайлық инвесторлар ұсынған жоба бойынша Қасқасу жыл бойы жұмыс істейтін заманауи туристік орталық болады. Сондай-ақ тау шыңдарын байланыстыратын аспалы жолдар салу көзделген.

«Бірлескен жоба жүзеге асқан жағдайда Қасқасу Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналмақ. Сарапшылар Қасқасу жобасын Франциядағы әйгілі Куршевель курортының қазақстандық баламасы ретінде бағалап отыр», – дейді облыс әкімдігінің ресми өкілдері.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жоба жүзеге асса, Қасқасу Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып, шамамен 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады.,
Тегтер #Қасқасу #Куршавель #таушаңғы курорты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz