RU
Толық нұсқаға өту

Фото: Ашық дереккөз

Рейтинг: Қазақстан интернеті ең арзан елдердің бірі атанды

24.06.2026, 17:21 57

Қазақстан үй интернетінің бағасы бойынша әлемде ең арзан елдердің бірі болып  танылды, деп хабарлайды «24KZ».

Global Broadband Price League рейтингі бойынша,  елде тіркелген интернеттің орташа айлық бағасы шамамен 7 442 теңгені  (15,23 $) құрайды.

Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан 214 елдің ішінде 19-орынға тұрақтады. Зерттеушілер елдегі 11 тарифтік ұсынысты талдап, орташа бағаны есепке алған.

Салыстыру үшін, жоғары технологиялы елдердің қатарындағы Жапонияда үй интернетінің орташа бағасы 32,62 доллар(Қазақстаннан 2 еседен жоғары).

Рейтингте Жапония 76-орында орналасқан.

Global Broadband Price League деректеріне сәйкес, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде де интернет бағасы әлдеқайда қымбат.

Яғни, Қазақстандағы интернет бағасы көптеген дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Зерттеу қалай жасалған:

Рейтингте  әлемнің 214 елдің 2631 тарифі талданған,

Қазақстан бойынша 11 тариф қарастырылған,

Тек тіркелген (үй) интернет есепке алынған (мобильді интернет кірмейді),

Сондай-ақ уақытша жеңілдіктер, акциялар, қосылу ақысы және жабдық құны сияқты қосымша шығындар есептеуге кірмеген. Тек тұрақты ай сайынғы төлем негізге алынған.

Айта кетейік, рейтингте орташа баға көрсетілгенімен, елдердің орны медианалық тарифтер негізінде анықталған.

Зерттеу нәтижесі Қазақстанда үй интернетінің бағасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда қолжетімді екенін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, ендігі   міндет – бағаны өсірмей, интернет сапасын жақсарту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz