RU
Толық нұсқаға өту

Фото: Зұлқия Жұматова/EQ

106 жастағы тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова «Құрмет» орденімен марапатталды

25.06.2026, 15:20 43

28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медиа саласының үздік өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».

Марапатталғандардың қатарында қазақ тіліндегі тұңғыш телехабар жүргізушілерінің бірі, ұлттық телевизияның ардагері Зұлқия Жұматова да бар. Мемлекет басшысы 106 жастағы ардагерге «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 106 жасқа келген ардақты тұлғаны халқымыз айрықша құрметтейді. Сондықтан мен Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым, — деді Қ. Тоқаев.

Зұлқия Мұқанқызы 1958 жылы ашылған Алматы телестудиясының алғашқы дикторларының бірі болған. Ол дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысқан  байқауда 750 үміткердің арасынан іріктеліп, қазақ тіліндегі алғашқы эфирлерді жүргізген. Саналы ғұмырын осы салаға арнаған ардагер жазушы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, сұхбат алған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Күшті Қазақстанды құру ісіне орасан зор үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz