RU
Толық нұсқаға өту

Фото: Instagram / Archibaaall

1,1 млн оқырман: FIFA қазақстандық блогердің Instagram парақшасын бұғаттады

25.06.2026, 16:00 38

Футболдан әлем чемпионатына барған қазақстандық блогер Артур Асқарұлының 1,1 млн. астам  оқырманы бар (Archibalt) негізгі Instagram аккаунты бұғатталды, деп хабарлайды «24KZ» .

Блогердің айтуынша, Өзбекстан құрамасының голы түсірілген видеоны жариялағаннан кейін  парақшасы жабылған. Сонымен қатар әлем чемпионатынан жарияланған контентке байланысты оның YouTube арнасына да авторлық құқық иелерінен ескерту (страйк) келуі мүмкін.

Артур Асқарұлы турнирге жарыстың атмосферасын көрсетіп, оқырмандарымен әсер бөлісу үшін барғанын айтады. Алайда чемпионат материалдарын пайдалануға қатысты шектеулерге тап болған.

«Көңіл түсірмеуге тырысып жүрмін. Серіктестер алдындағы міндеттемелер де бар. Олардың түсіністік танытатынына сенемін. Қалай болғанда да, бір шешімін табамыз», – деді блогер.

Қазір оның командасы Instagram аккаунтын қалпына келтіруге тырысып, платформа шешімін күтіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz