Қазақстанда «Жас ғалым» мәртебесінің жас шегі 44 жасқа дейін ұзартылды. Енді ғылыми өтілі 10 жылдан аспайтын зерттеушілер «Жас ғалым» мәртебесін ала алады. Бұған декреттік демалыстың 3 жылына дейінгі кезең есептелмейді. Бұл жаңалықпен Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram каналында бөлісті, деп хабарлайды «24KZ».
Мәжіліс депутатының айтуынша, бұл өзгеріс PhD дәрежесін кеш алатын ғалымдарға ғылымдағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Бұған дейін көптеген зерттеушілер PhD дәрежесін 30–32 жаста, ал медицина сияқты салаларда одан да кеш алатындықтан, 35 жасқа жеткенде жас ғалымдарға арналған гранттар, стипендиялар және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігінен айырылатын.
Аймағамбетов, «Зерттеушілер өздерінің ең өнімді кезеңінде мемлекеттік гранттарға, стипендияларға және тіпті жас мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігінен айырылып қалатын», — деп жазды.
Жаңа өзгеріс осы мәселені шешуге бағытталған.
Енді 44 жасқа дейінгі жас ғалымдар мемлекеттік гранттық конкурстарға қатысып, жас ғалымдарға арналған стипендиялар мен тұрғын үй бағдарламаларына, сондай-ақ басқа да қолдау шараларына үміткер бола алады.
Тегтер #Жас ғалым #44 жас #Асхат Аймағамбетов #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz