Қазақстан балалар құқықтарын қорғау деңгейі бойынша әлемдегі үздік 25 елдің қатарына кіріп, KidsRights 2026 индексінде 194 мемлекеттің ішінде 24-орынға ие болды, деп хабарлайды «24KZ».
Рейтингті KidsRights Foundation ұйымы Erasmus University Rotterdam университетімен бірлесіп әзірлеген. Зерттеу БҰҰ-ның Балалар құқықтары туралы конвенциясына қатысушы елдерді қамтиды және балалардың өмір сүру сапасын бірнеше негізгі бағыт бойынша бағалайды.
Зерттеу бойынша:
балалардың құқықтарын қорғау,
білім беру,
денсаулық сақтау,
өмір сүру сапасы
қауіпсіз орта сияқты көрсеткіштерде жоғары деңгейде деп танылған.
2026 жылғы зерттеу бойынша Қазақстанның жалпы балы 0,797 болды. Бұл елде балалардың құқықтарын қорғау, білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қолдау шараларының біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймағындағы бірқатар елдерден жоғары орынға шықты.
Рейтингте Нидерланды 0,871 баллмен көш бастады. Зерттеу авторларының айтуынша, KidsRights индексі балалардың жағдайын бағалайтын және мемлекеттердің әлеуметтік саясатының тиімділігін анықтайтын маңызды халықаралық құралдардың бірі болып саналады.
Айта кетейік, бұл индекс 2013 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді және әлем елдеріндегі балалардың құқықтарын қорғау деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді.
Тегтер #KidsRights #бала құқығы #үздік ел #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz