RU
Толық нұсқаға өту

Алаяқтар сот алдында жауап береді

23.10.2026, 16:10 31

51 азаматтың 413 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған қылмыстық топ сотқа тартылады, деп хабарлайды 24KZ.

Елордада алаяқтық жасады деп айыпталған 7 адамнан құралған ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпарға сүйенсек, олар 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген бағдарлама арқылы баспана алып береміз деген желеумен алдап соққан. Тіпті қылмыстық әрекетіне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Динара Түкеева, Астана қаласы прокуратурасының ресми өкілі:

– Айыпталушылардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, атап айтқанда, 190-бабының 4-бөлігі қылмыстық топ жасаған, ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық және 262-бабы ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу бойынша сараланды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz