RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу өңірін газдандыруға ₸ 37,4 млрд бөлінді

25.11.2026, 13:10 26

Жетісу облысының алты ауданында газ желілерін салуға 37,4 млрд теңге бөлінді. Жоба Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарындағы жүзге жуық елді мекенді қамтиды, деп хабарлайды 24KZ.

Жоба Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарындағы жүзге жуық елді мекенді қамтиды. Нәтижесінде 183 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Қаражаттың 27 млрд теңгеден астамы 84 ауылды «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырына қосуға жұмсалады. 16 өтпелі нысанның құрылысын аяқтауға 10,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Жұмыстарды 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Ал өтпелі нысандар биылғы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Қазір өңірдегі 115 елді мекен газбен қамтылған. Бұл облыс халқының шамамен 68 пайызы. Бұл көрсеткішті 74 пайызға ұлғайту көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz