RU
Толық нұсқаға өту

AI Film Festival: жүлде қоры $1 млн

22.04.2026, 19:53 19

Астанада AI Film кинофестивалі өтеді.

Байқаудың басты ерекшелігі жасанды интеллектінің көмегімен жасалған қысқаметражды фильмдер бәсекеге түседі. Жүлде қоры да қомақты. Бәйгеге 1 млн доллар ақшалай сый тігіліп отыр. Бұл жайлы бүгін бас қалада өткен брифингте жоба ұйымдастырушылары хабарлады. Жарыс қазан айында өтеді. Оған 50-ден астам мемлекеттен креаторлар қатысады деп жоспарлануда. Айтуларынша, Орта Азияда мұндай жоба бұрын соңды болмаған. 

Алмас Жали, ұйымдастырушы:

- Осы Орталық Азияда болмаған фестиваль. Жасанды интеллектімен жасалған кино әлі болмаған. Біз зерттеп шықтық фестивальдар тек ғана 25 жылы ашыла бастады, именно ИИ фестивальдар. Ол Кореяда болды, Жапонияда болды, Дубайда болды. Біздің фестивальдің ерекшелігі ол ешқандай шектеу жоқ. Кез келген мемлекеттен, қаласы маңызды емес, жігіт пе, қыз ба, ең бастысы продуктының өзі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz