RU
Толық нұсқаға өту

2035 жылы әлемдік ЖИ нарығы 11 есе өседі

29.04.2026, 23:20 27

Алдағы 10 жылда Қазақстанда 50-ге тарта кәсіп түрі жойылуы мүмкін. Жасанды интеллект ықпалынан еңбек нарығының жартысына жуығы қысқарады.

Осыған байланысты нарықты білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспары күн тәртібінде тұр. Ал 2040 жылға қарай жоғары білім беру жүйесінде демографиялық жүктеме артып, талапкер саны 440 мыңнан асуы ықтимал.

Әлібек Сайланбаев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ AI жөніндегі басқарушы директоры:

- Жасанды интеллекттің құралдарын үйрену керек. Егер бұрын барлық мәтінді жазу үшін 1-2 сағат, тіпті 1 күн кетсе, ChatGPT-мен 1-2 минут ішінде толық мәтін жаза аласыз. Тіпті 1-2 күнде 100 беттік кітап жазып тастай аласыз.

Қазір елде AlemGpt платформасы жұмыс істейді. Жоба суперкомпьютер базасында, жабық желіде іске қосылды. Жүйе қазақ тілін түсінетін ірі модельге негізделген. Оның көмегімен құжатты дауыс арқылы да рәсімдеуге болады. AI көмекші eGov Mobile қосымшасында да қолжетімді болады.

Әлібек Сайланбаев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ AI жөніндегі басқарушы директоры:

- Жасанды интеллектке Мемлекет басшысы үлкен көңіл бөліп жатыр. Бұл салада Қазақстан Орталық Азияда бірінші мемлекет деп ойлаймын. Неге десеңіз, бізде Орталық Азияда ең үлкен суперкомпьютер кластері бар. Бізде көптеген бағдарламалар бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz