RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда CyberShield Hackathon республикалық сайысы өтті

30.04.2026, 13:49 22

Бұл жолғы байқауға әр өңірден 166 адам қатысып, өзара үздіктерді анықтады. 

Жоғарғы оқу орындарының студенттері ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы зияткерлік шешімдер мен транзакцияларды бақылау жолдарын ұсынды. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстардың алдын алуға арналған жобаларын таныстырды.

Хакатон республикалық сайысына жоғары оқу орындарынан 57 команда қатысты. Білім байқауы «Заң мен тәрбіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Әр өңірден келген білімділер тың жобаларын ұсынды. Мысалы, қостанайлық курсанттар қоғамда белең алған криптоалақтармен күресу жолдарын айтты. 

Болатбек Мұратбек, ҚР ІІМ Шырақбек қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты:

- Біз алаяқтық пен криптоалаяқтықтың деңгейін анықтайтын карта жасап шығардық. Ол Қазақстан бойынша заңға қайшы цифрлық әрекеттерді көрсетеді. Сонымен қатар интерактивті қосымшада тұрғындарға құқық қорғау органдарының мәліметі шығарылады. Бұл жобаны ТМД елдеріне де ұсынуды жоспарлап отырмыз. 

Сайыста әр команда өзінің инновациялық жобасын қорғады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларына жасанды интеллект элементтерін енгізу бағдарламалары да бар. Бұл аталған секторлардағы процестерді оңтайландыруға жол ашады. 

Гүлнәр Ким, жасанды интеллект және цифрлық трансформация орталығының жетекшісі:

- Біз инновациялық бастамаларды екіге бөліп бағаладық. Ол криптотәуекелдер мен агроталдауға арналған инновациялық жобалалар. Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, Қазақстанның экожүйесін дамытатын бағдарламалар іртеліп алынады. 

Білім байқауының жүлде қоры 4 млн теңге. Алматыдағы жоғары оқу орнынан келген команда мен жергілікті уинверситет командасы бірінші орынды өзара бөлісті. Іріктеліп алынған үздік жобалалар қаржыландырылып, нақты секторда іске асырылады. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz