RU
Толық нұсқаға өту

GITEX AI Kazakhstan: 60 елден сарапшы келді. Live

04.05.2026, 15:00 29

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 проценті қазірдің өзінде онлайн қолжетімді. Ал GITEX AI KAZAKHSTAN елдің цифрлық трансформациясын қолдап, одан әрі дамытуға ықпал етеді.

GITEX-тің Алматы қаласында өтуі Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылар, стартаптар және инвестициялар үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Ел үшін бұл жай ғана ірі іс-шара емес, цифрлық трансформацияны жеделдетудің және жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқаруға енгізудің нақты құралдарының бірі. Яғни Қазақстанның технологиялық экожүйесі үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, бұл қадам халықаралық нарықтарға шығуға, инвестициялар мен жаһандық серіктестіктерді тартуға мүмкіндік береді, - дейді сарапшылар.

60 елден келген 150-ден астам сарапшының басын қосты. Олар бүгін және ертең жасанды интеллект, киберқауіпсіздік пен ақылды энергетика тақырыптарын талқылап, өңір экономикасының болашағы туралы пікір алмасады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz