RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда GITEX AI Central Asia & Caucasus Kazakhstan форумы жалғасып жатыр

05.05.2026, 12:45 28

Жиынның екінші күні сарапшылар жасанды интеллектінің мүмкіндігін талқылайды. Қазір қаражат жасанды интеллект пен deep tech саласына бағытталып жатыр.

Инвесторлар осы арқылы технологиялық экожүйе қалыптастыра бастады. Атап айтқанда бірыңғай стандарттар құрып, жасанды интеллект этикасы мен ыңғайлы инфрақұрылым жасауды қолға алды.

Жасанды жадының ел экономикасына ықпалы қандай болуы мүмкін? Сарапшылар не дейді?

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Дәл қазір бірнше панельдік сессия өтіп жатыр. Жасанды интеллект – экономиканың негізі. Энергетика – шектеуші фактор. «Ал халықаралық ынтымақтастық  қажеттілік», - дейді сарапшылар. Осы арқылы дамудың бағыты айқындалып реттеліп, тепе-теңдік сақталып отырады. Сессия осындай ойды түйіндейді. Жасанды интеллект инновация, сауда және кәсіпкерлік сияқты барлық салада бар. Ол қалаларды  қауіпсіз етіп болашаққа дайындайды. Яғни мемлекет пен бизнес серіктестігі арқылы «ақылды қалаларды» дамытады. Қалаларды тиімді басқаруда қолданылады. Тәуекелдерді болжайды. Қызмет сапасын арттырады. Төтенше жағдайларға әрекет етеді. Оған қоса, ЖИ климат, энергетика және «жасыл» деректер үшін де қажет. Ол өнеркәсіпте, энергетикада және көлікте шығарындылар мен энергия тұтынуды азайтуға көмектеседі. Алайда осының бәрін мақсатты пайланған абзал.

Альтаир Ахметов, Astana It University ректоры:

- Сондай-ақ Орталық Азиядағы 5G дамуы, дата орталықтардың жұмысы сияқты тақырыптар да талқыланып жатыр.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz