Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі. Реформа кезең-кезеңімен жасалып, алғашқы лекте 500 білім ордасы қамтылады.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға ерекше назар аударылады. Сапалы білім алуға қолжетімділік барлығына тең болуы керек. Оқу-ағарту министрлігінің мамандары жасанды интеллектінің сапалы білім беруге оң ықпалы басым екенін айтады. Педагогтер үшін бұл технологиялар жұмысты тексеруді, үлгерімді талдауды және оқу материалдарын дайындауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, тек көмекші бола алады, - дейді мамандар.
Асыл Түймебаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті басқармасының басшысы:
- Реформа кезең-кезеңімен енгізіледі. 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Ауылдық және шағын жинақты мектептерге ерекше назар аударылады. Мектептердің материалдық-техникалық базасы мен интернет сапасын жақсарту бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынды. Барлығы жергілікті әкімдіктермен бірлесе жүзеге асады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мектеп #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz