RU
Толық нұсқаға өту

Жоғары оқу орындарындағы ЖИ

22.05.2026, 13:10 60

Астанадағы Аграрлық университетте Орталық Азия жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен халықаралық конференция өтіп жатыр.

Басты тақырып – білім беру саласындағы жасанды интеллект. Нейрожелілер қазір тек IT-саласының ғана емес, білім беру жүйесінің де ажырамас бөлшегі. Мамандар жаңа технологиялардың оқу процесіне тигізер пайдасы мен оның қауіпсіздік мәселелерін жіті талқылады. Бұл бағытта елімізде нақты қадамдар жасалып та қойған. Айталық, былтырдан бері жоғары оқу орындарында нейрожелілер арнайы таңдау пәні ретінде оқытылып жатыр. Сонымен қатар, алқалы жиында студенттер мен ұстаздар қауымына арналған «AI-Sana» бағдарламасының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қазірдің өзінде бұл курсты 650 мыңнан астам адам тәмамдаған.

Дана Абдрашева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры:

- Қазіргі таңда университетімізде 11 мыңнан астам білім алушылар АІ сана курсын өтті. Бұл АІ сана курсының мүмкүншіліктері өте зор. Студенттерге көптеген мүмкіншіліктер береді. Атап айтсақ, білім алушылар өздерінің проекттерін, жобаларын сол бағытта әзірлеп, оларды әрі қарай қаржылықты тарту мүмкіндіктерін ала алады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz