RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметтік емес ұйымдардың цифрлық маңызы

23.05.2026, 00:00 18

Цифрлық технологиялар дәуірінде үкіметтік емес ұйымдардың ролі артып келеді.

Олар адамдарға ақпарат ағынында дұрыс бағдар табуға көмектеседі. Маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, реформаларды талқылауға белсенді атсалысады. Осы және өзге де мәселелер Астанада өтіп жатқан "Цифрлық дәуірдегі заңдылық" атты республикалық семинарда талқыға салынды. Екі күн бойы Үкімет, Парламент, Қазақстанның Азаматтық альянсы, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, цифрландыру жағдайында мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдерін қарастырады. Қатысушылардың айтуынша, цифрлық сауаттылықты дамыту және "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау қоғамдағы тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде бір қауіптер бар. Мысалы бір топтар әлеуметтік желіде манипуляция жасауы мүмкін. Жалған ақпарат таратуы мүмкін. Ал осы жерде кімнің даусы естіледі? Біз кейбір кезде мықты адамдардың даусын естімей қаламыз. Олар медиfлық беделді адамдар болса да мені тыңда деп айта алмайды. Азаматтық альянстың жақсы бір мүмкіншілігі сондай адамдарды төрге отырғызып тыңдау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz