RU
Толық нұсқаға өту

Astana AI Film Festival-ға өтініш қабылдау басталды

25.05.2026, 18:00 25

Бүгіннен бастап еліміздің кез келген тұрғыны фильм түсіріп, қомақты жүлде иелене алады.

Алайда киноға қыруар қаржы жұмсап қажет емес, тек ерекше идея болса жеткілікті. Астанада жасанды интеллект арқылы жасалған туындылардың жаһандық жарысы басталды.

Бүгін "Astana AI Film Festival" халықаралық кинобайқауына өтініш қабылдау басталды. Басты талап фильм толықтай жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалуы тиіс. Қатысу тегін, үміткерлер ұзақтығы 10 минутқа дейінгі фильмдерін 15 тамызға дейін жолдай алады.

Алмас Жәли, продюсер: 

- Бізге 2 мың 3 мың заявка келсе, оның шортсқа тек қана 30-40 жұмыстар алынады. осы жұмысты біз 15 тамыздан бастап өзіміз көре бастаймыз. 3-ақ қана крийтерий. ол киноматограф. Қалай ол түсірілді. вижуал эффектс, AI, қандай технологиямен түсірілді. Екіншісі - ол сценарий жағы, и үшіншісі - ол концепт. 

Қаржылай жүлделерге келсек, тақырыптық байқаудың бас жүлдесі 450 мың АҚШ доллары. Екінші орынға - 200 мың доллар, үшінші орынға - 100 мың доллар тігілген. Сондай-ақ "Ашық конкурс" номинациялары бойынша үздік кейіпкер, режиссура, визуалды эффект, тарих және үздік концепция иегерлерінің әрқайсысына 50 мың доллардан беріледі. Өтінімдерді арнайы сайтта, YouTube немесе Google Drive сілтемесі арқылы жолдауға болады. YouTube-ке жүктелген видеоның сипаттамасында міндетті түрде «Special for Astana AI Film Festival» тіркесі мен #SpecialForAAIFF хэштегі болуы тиіс.

Айзатулла Хуссейн, ұйымдастырушы:

- www.aaiff.ai ресми сайтында халықаралық кинофестивальге өтінімдер қабылдануда. Ауқымды жарнаманың арқасында шараға 50-ден астам ел қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттен қызығушылық бар. Сондай-ақ қытайлық серіктестер жобаны өз нарығында тегін жарнамалауға уәде берді.Фестиваль мемлекеттен қаражат алмайды, ол толықтай 4 жеке демеушінің есебінен қаржыландырылған.

Халықаралық сарапшылар тақырыптық байқаудан 10 жəне ашық санаттан 15 жұмысты таңдап алады. Финалистер күзде анықталып, марапаттау рәсімі "Astana AI Week" жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Шара 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында жоспарланған.

Наргиз Бекмағанбетова, Артур Горшняков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz