RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан цифрлық трансформацияны ЕАЭО елдерімен бірлесе жүргізуге дайын

28.05.2026, 23:25 23

Қазақстан цифрлық трансформацияны Еуразия Экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесе жүргізуге дайын.

Бұл туралы форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, қазірдің өзінде біздің ел, ауқымды жұмыстарды қолға алды. Аймақта бірінші болып, әлемдік көшбасшы саналатын ((NVIDIA)) Энвидиа компаниясының екі суперкомпьютерін іске қосты. «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру басты міндет ретінде жарияланды. Жоба жаһандық капитал мен әлемдік технологиялық алпауыттар үшін тартымды. Халықаралық Alem.ai орталығы жанынан ((Tumo)) Тумо және ((Tomorrow School)) Тумороу скул жаңа буын мектептері, сондай-ақ әлемге белгілі бірқатар компанияның зертханалары ашылды. Ал күні кеше ғана орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz