RU
Толық нұсқаға өту

Оралда жасанды интеллект орталығы ашылды

02.06.2026, 13:46 32

AI Hub (Ай Хаб) білім беру жобасы Цифрландыру жылы аясында іске қосылды.

 Онда студенттер мен оқушылар жасанды интеллектпен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, IT саласындағы бастамаларын жүзеге асыра алады. Орталықта осы салада тәжірибе жинақтаған мамандар дәріс береді. Курсқа қатысушылар шеберлік сабақтарына, хакатон, воркшоптарға қатысып, нақты міндеттерді шешуді үйренеді. Ай Хаб Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылды. Жоба жастардың цифрлық дағдыларын дамытумен қатар мемлекеттік органдарға кадрлық резерв дайындауға бағытталған.

Михаил Дудниченков, жоба жетекшісі:

- Дайындық мерзімі бір жарым айға есептелген. Сабақ аптасына 2 рет 1,5-2 сағаттан жүреді. Осы уақыт аралығында жастар жасанды интеллекттің базалық негіздерін меңгеруі тиіс. Егер мемлекеттік органдардың қызметін жақсартуға қатысты нақты идеялары болса, оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. Хаб болашақта мемлекеттік органдарға кадрлық резерв дайындайтын алаңға айналады деген сенімдеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz