Елімізде мүгедектікті тағайындау рәсімдерінің басым көпшілігі онлайн форматта өткізіледі.
Яғни азаматтар медициналық сараптама бөлімшелеріне бармай, оны қашықтан растай алады. Бүгінде мемлекеттік қолдау шараларын алу да жеңілдей түсті. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарын, жеке көмекші мен сурдоаудармашы қызметін өз бетінше таңдай алады. Бүгінде оңалту жабдықтарымен 200 мың адам қамтылған. Тағы 40 мыңнан астам адам шипажайларда ем алls. 25 мыңнан астам қазақстандық жеке көмекшілердің қызметін пайдаланса, 8 мың адам сурдоаудармашы көмегіне жүгінген.
Оңалту жабдықтары – 187 мың адам
Шипажай-курорттық ем – 44 мың адам
Жеке көмекшілердің қызметі – 25 мың адам
Ымдау тілі қызметі – 8 мың адам
Ерболат Исламов, ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры:
- Портал маркетплейс қағидаты бойынша жұмыс істейді. Азамат әртүрлі жеткізушілердің ұсыныстарын салыстырып, пікірлермен танысып, өзіне ең қолайлы нұсқаны таңдай алады. Бұл қызметтердің сапасын арттырып, адамдарға таңдау құқығын береді. Былтыр портал арқылы оңалту құралдары мен қызметтерге қатысты 600 мың тапсырыс орындалды. Бұл мемлекет, қызмет көрсетуші және қызмет алушы арасындағы өзара іс-қимылдың жүйеленгенін көрсетеді.
Тегтер #цифрландыру #мүгедектік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz