Елімізде жасанды интеллектке арналған ірі жоба іске аспақ.
Деректерді өңдеу орталығы жобасына 10 млрд доллар инвестиция тартылып, соңғы буындағы 100 мың GPU чип негізінде ауқымды есептеу кластері құрылады. Firebird компаниясының бас директоры Размик Овакимян бұл бастама Қазақстанды әлемдегі жетекші он цифрлық мемлекеттің қатарына қосатынын айтты. Ал NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянның пікірінше елімізде ақылды зейінді дамыту үшін энергия қоры жеткілікті. Сондықтан мүмкіндік көп. Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Жаслан Мәдиев жоба жүзеге асқан жағдайда 3 млрд доллар экспорттық пайда әкеледі деп отыр. Әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның Еуразиядағы маңызды цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ЖИ және цифрландыру #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz