Үкімет басшысы Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен кездесті.
Жиында елдегі "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінің "А" тобына кіреді. Әлемде 6-орынға тұрақтаған. Жүздесу барысында Сангбу Ким біздегі цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Каспий арқылы суасты талшықты-оптикалық кабелін салу, ауылдық жерлерде байланысты қамтамасыз ету және цифрлық мемлекеттік сервистер, жасанды интеллект және технопарктер саласындағы бастамалар бар. Дүниежүзілік банк осы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Олжас Бектенов вице-президент Сангбу Кимге және Дүниежүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің World Bank Digital Compact-ке қатысуға дайындығын атап өтті.
Сангбу Ким, Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті:
- Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі мәртебесі көптеген басқа дамушы елдермен салыстырғанда өте озық. Сіздерде жақсы дамыған мобильді байланыс, сапалы қызмет көрсететін электрондық үкімет платформасы, жеке секторға арналған дамыған экожүйе, тиімді ұлттық стратегия және саясат бар. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабылдадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Жасанды интеллект саласында жаңа сын-қатерлер бар, сондықтан да бұл міндетті жүзеге асыру бәріміз үшін оңай соқпасы анық.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #үкімет басшысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz