Елде экологиялық ақпараттарды қамтитын бірыңғай ұлттық деректер банкі қалыптасып, сала толық цифрландырылады.
Ал экологиялық жобаларды қаржыландырудың тиімділігі едәуір артады. Тиісті заңды бүгін Сенат депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен қалдықтарды басқару жүйесіне де баса мән берілген. Енді заңсыз қоқыс орындарын жою өкілеттіктері жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады. Бұдан бөлек, заңда қайта өңделген шикізатты пайдаланатын өндірушілерді ынталандыру шаралары қарастырылған.
Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің алдына экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» экономиканы дамыту жөнінде маңызды міндеттер қойды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық заңнаманы жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу, экологиялық бақылауды күшейту және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктерін дамыту қажет.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #экология #ЖИ және цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz