RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Түркия музей ісін цифрландыру тәжірибесімен бөлісе бастады

22.06.2026, 19:20 33

Қазақстан мен Түркия музей ісін цифрландыру аясында тәжірибе алмаса бастады.

Еліміздің Ұлттық музейі мен Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі бірлесіп, елордада арнайы семинар ұйымдастырды. Бес күнге созылатын басқосуда бауырлас елдердің мамандары озық тәжірибелерімен бөліспек. Жиында коллекцияларды басқару мен құқықтық негіздерден бөлек, бүгінгі тренд - «түнгі музей» жобасын дамыту мәселесі де қозғалды. Кездесу музей саласындағы цифрлық трансформацияны дамыту, заманауи технологияларды енгізу және сала мамандарының кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған. Түпкі мақсат - халық арасында музейлерге деген қызығушылықты арттыру.

Бақытжан Қалнияз, ҚР Ұлттық музейі үйлестіру және музей ісін дамыту бөлімінің жетекшісі:

- Қазіргі заманауи келуші бұрынғы дәстүрлі келушіден айырмашылығы да сол, жай ғана келіп, экспозициямен танысып, экскурсиядан гөрі мобильді қосымшалар арқылы, виртуалды экскурсиялар арқылы, мультимедиялық интерактивті құралдар арқылы музеймен жақын интерактивті түрде байланысқа түсуді қалайды. Сол себепті Түркиямен бірлесіп отырып ортақ тақырыптық оқу бағдарламасын жасап шықтық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz