RU
Толық нұсқаға өту

«Astana Innovations Accelerator 2026» бағдарламасы басталды

03.07.2026, 17:12 40

Енді елордада әлеуметтік салалардағы мәселені шешуде жасанды интеллект қолданылады.

Ол үшін Астана хаб 30-ға жуық стартап дайындаған. Егер қала әкімдігі құптаса, онда жобалар пилоттық режимде іске асады. Бұл туралы «Астана Инновейшн Акселератор 2026» бағдарламасының ашылуында айтылды. Оған Премьер-министрдің орынбасары-Жасанды интеллект министрі және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Аталған бағдарлама  мегаполистегі қауіпсіздік, көлік, білім беру мен денсаулық сақтау және экология секілді салалардағы түйінді тарқатуға бағытталған.

Әшімбек Әбілғазинов, Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің басшысы:

- Бүгінгі күні 28 стартап таңдалды осы бағдарламаға қатысуға. Оның ішінде медицина, өртпен күресу саласында, қалай жетілдіруге болады, мүгедектерге көмектесу сияқты әлеуметтік жобалар бар. Оның бәрін жан-жақты шешімдерді енгізетіп болады, яғни пилот ретінде көрсетеді.Айбек Ахметбеков, қалалық ситуациялық орталықтың басқарушы директоры:

- Астана қаласына қатысты техникалық міндеттерді жинақтаймыз. Кейін оны Астана хабтағы ай-ти мамандарға береміз. Олар мәселені цифрлық шешімдердің көмегімен шешу бойынша жұмыс жасайды, арнайы стартап қарастырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz