Бүгін елордадағы «Астана Эй-ай уик 2026» апталығының екінші күні.
Ол кешелі бері ғылым, технология, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдерін бір жерге жинап, жасанды интеллект саласында жаңа шешімдерді талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Әлем эйай халықаралық орталығында өтіп жатқан шарада пленарлық сессиялар, хакатон және көрме ұйымдастырылған.
Альмира Оразбай, тілші:
- Астана эйай уик 2026 елуге жуық халықаралық сарапшы мен 400-ден астам қатысушыны бір алаңға жинады. Пленарлы сессияларға мегаполистердегі инфрақұрылымды дамыту, жеке деректер, денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект және цифрлық қауіпсіздік секілді тақырыптар арқау болды. Кешегі күннің өзінде қатысушылар халықаралық ұйым өкілдерімен жасанды интеллект бағытында серіктестік орнатып үлгерді. Бұл бірінші күннің жемісті нәтижесі, дейді ұйымдастырушылар.
Нұрболат Әмілбек, Astana IT University “Smart city” ғылыми-инновациялық орталығының қызметкері, докторант:
- Ауқымды шара аясында көрме ұйымдастырылды. Онда ғылыми шешімдер мен жасанды интеллектіге негізделген жобалар таныстырылған. Солардың бірі қашықтан басқаратын бионикалық протез.
Ерболат Игембай, Satbayev University ғылыми қызметкері:
- Жасанды интеллект - заман талабы. Оны экономикаға, мемлекеттік басқаруға және өңірлерді дамытуға енгізу маңызды, дейді сапаршылар. Қазір цифрлық ел құруға айырықша назар аударылады. Ал Астана эйай уик алаңы осы бағыттағы жаңашылдықтарды меңгеруге жол ашып отыр.
Альмира Оразбай, Асхат Қарақойшиев, Нұрбек Кукленбай
Тегтер #Astana AI week #апталық #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz