RU
Толық нұсқаға өту

Балық шаруашылығы цифрлық бақылауға алынды

14.07.2026, 08:09 41

Балық шаруашылығында цифрлық технология қолға алынып жатыр.

Бүгінде өндірісті бақылауға арналған е-фиш жүйесіне саладағы барлық кәсіпкер тіркелді. Енді әрбір аквашаруашылықтың жай-күйін мамандар кеңседен шықпай тексере алады. Жаңа платформада квота, өнім көлемі және субсидияға қатысты деректер ашық әрі қолжетімді. Салада мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары да күшейді. Кейінгі бес жылда субсидия көлемі 11 есе көбейген.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- E-fish жүйесі ең алдымен заңсыз саудамен күресуге бағытталған. Бұл платформада аквашаруашылықтардың өндіріс барысы қашықтан бақыланады. Тіпті су айдынына жіберілген шабақ пен алынған өнім көлемі есептеледі. Егер тиісті мөлшерден асып кетсе, ветеринарлық құжат берілмейді. Салада жұмыс істейтін 1221 кәсіпкер жаңа жүйеге тіркелген.

Жасұлан Орынбаев, балық өсіруші, ихтиолог:

- Е-фиш жүйесінде бізден қанша өнім қайда және қашан жөнелтілгені туралы ақпарат шығып тұрады. Платформаның тағы бір тиімді тұсы - мемлекеттік орган мен кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнатылған. Құжаттар мен есептердің бәрі онлайн толтырылады. Субсидия да рәсімделеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, жаңа ақпараттық жүйе енгізілгелі көлеңкелі айналымдағы балық өнімдерінің үлесі 2 мың тоннаға дейін қысқарған. Кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет тарапынан 5,3 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 11 есе көп. Сонымен қатар жаңа субсидия түрлері енгізілді.

Серік Сермағамбетов, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы:

- Ол мына су пайдаланушының ұңғымаларды қазу барысында 50-80 пайыз арылығында, сонымен қатар судың тарифтерін субсидиялау қарастырылған. Жеңілдетілген крелиттер мен 5 пайыздық қаржы айналымына және инвестициялық шығындарына тағы 6 пайыз несие қарастырылған. 

Субсидияның игерілуі ақпараттық жүйе арқылы бақыланады. Платформаны одан әрі дамыту үшін тағы бір модульді іске қосу жоспарланып отыр. Онда саланың инвестициялық әлеуетін талдау және болжау тетіктері қарастырылған.

Еркебұлан Смадияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz