Қазақ тіліндегі архив құжаттары жасанды интеллектінің арқасында сандық форматқа көшеді.
Мамандар жүйенің мәтінді 99 пайызға түсінетінін аңғарған. Демек, кітап, газет, тіпті құжаттарды түгелдей цифрландыруға мүмкіндік бар. Оған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясының келісімі себеп болды. Отандық және шетелдік мамандар бірнеше ай ішінде қазақ тіліндегі ірі тіл ресурсын ойлап тапқан. 10 млрд токеннен асатын мәтін енді. Бұл барлық саланы қамтиды. Барлық тарихи кезең де ескерілген. Енді аудиокорпус жасақталып жатыр. Қазірдің өзінде қазақ тілінде жазылған 10 мың сағаттан асатын дауыс өңделді. Нақтылық 92 пайызға жетті. Енді 99 пайызды еңсеру жоспары бар. ЖИ қарыштап дамып жатыр. Оны дұрыс бағытта жетілдіру үшін сол қазақ тіліндегі модельдің үлесін арттыру маңызды. Ағартушылықты да алға қойған жөн. Өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік кепілі дейді сарапшы.
Мейіржан Әуелханұлы, ЖИ жөніндегі сарапшы:
- Түптің түбінде осы үлкен деректер, біздің қолымызда бар деректер шетелдік технологиялық компаниялардың деректеріне айналып кетпеу керек деген ұлттық қауіпсіздік мәселесі жатыр бұл жерде. Бүкіл халықтың оны қолданып кетуі деген маңызды емес, біз өзіміздің ұлттық мүддемізге сай кейбір шешімдерді өзіміздің тілдік модельдер арқылы шешіп, өзіміздің суперкомпьютерге орналастырсақ, осының өзі үлкен жетістік деп ойлаймын!
Тегтер #жасанды интеллект жылы #архив #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz