Астанада фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр. Бүгін елордада «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің кезекті жарыс күні өтті.
Цифрлық технология мен хореографияны ұштастырған сайыста Қазақстан намысын Гүлназ Аманғали есімді биші қорғап жатыр. Ол іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды. Фиджитал-би жарысының жалпы жүлде қоры – 75 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл бағытта қатысушылар экрандағы ойын кейіпкерінің қимылдарын дәл қайталайды. Орындау сапасы мен дәлдігін, арнайы ойын алгоритмдері бағалайды. Айта кетейік, жарысқа 16 биші қатысып жатыр.
Аягөз Айдыкова, би мектебінің жетекшісі:
- «Болашақ ойындары» өте жоғары деңгейде дамып жатыр. Өйткені біз бүгін ойынға келіп, қатысушылардан барлық билерді жаттап, өте күшті болып жатыр. Масштаб үлкен, қаншама елден келген қатысушы бар. Менің қыздарым биді жақсы көреді, биге қызығады, сондықтан көрсін деп, мотивация болсын деп келдік. Би мектебінде төрт мыңнан астам қыз білім алады, сондықтан біз осындай жоғары деңгейде Қазақстанның атын шығару үшін өтіп жатқан конкурстарға қатысамыз, сондықтан өте күшті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #болашақ ойындары 2026 #ЖИ және цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz