RU
Толық нұсқаға өту

Жасөспірімдер роботты басқарады. LIVE

07.08.2026, 13:20 32

Астанада жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада жалғасып жатыр. 100-ден астам елден келген жас дарындар енді жеке дара емес, командалық сайысқа түсті. Олар өздері әзірлеген бағдарлама арқылы роботтарды басқаруға тиіс.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Бүгін жасанды интеллект олимпиадасының ең маңызды кезеңі. Жарыстың алғашқы күндері жас дарындар түрлі модельдер әзірлеу және есеп-қисап щығарудан сынға түссе, бұл жолы роботтарды басқаруға тиіс. Яғни, өздері әзірлеген жасанды интеллект жүйелерін қолданады. Бұл мақсатта Қытайдан арнайы 10 робот алынған.

Лю Хунгуан, олимпиадаға қатысушы:

- Мен роботты жөндеймін, басқарамын. Олимпиада тартысты өтіп жатыр. Мұнда топ жарамыз деп ойлаймын. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Астана әсем көркімен маған қатты ұнады.

Халықаралық олимпиадаға қатысушы елдердің қатары жылдан жылға артып келеді. Биыл 100-ден астам елден 500 жасөспірім келіп отыр. Бұл - рекордтық көрсеткіш дейді ұйымдастырушылар. Жарыстың Қазақстанда өтуі де тегін емес. Біздің ел жасанды интеллект және цирфлық қызметтер жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда. Ал Орталық Азияда көш бастап тұр.

Әнуарбек Жәлел, Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының ресми өкілі:

- ЖИ жылы болғаннан дейін осындай үлкен мүмкіндік туып отыр. Тарихта бұл рекордтық олимпиада. 106 елден келіп, тағы 2 ел бақылаушы болып қатысты. Демек, 108 мемлекеттен келіп отыр. Бұл дегеніміз Қазақстанның әлеуетін әлемдік медиаларда шығып жатқан ақпараттарда тағы да бір дәлелдейді. Әлем АІ орталығында осындай финалдың өтуі де бекер емес.

Халықаралық олимпиада жай сайыс қана емес, жас дарындардың кәсіби мансабына оң әсер ететін бірегей алаң. Өйткені жарыс нәтижесі олардың жоғары оқу орындарына түсуіне және ірі айти компанияларға жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz