Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект саласындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтермек.
Алматыда өткен халықаралық симпозиумда екі елдің ғалымдары мен IT-саласының өкілдері бірлескен зерттеулерді, жаңа технологиялық шешімдерді және оларды экономикаға енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Басқосуға әлемдік технологиялық алпауыт Alibaba компаниясының өкілдері де қатысты. Қазақстан-Қытай интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары халықаралық симпозиумы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Жиында жасанды интеллекттің тілдік модельдері, климаттық мониторинг және интеллектуалды есептеу технологиялары бағытындағы әзірлемелер таныстырылды.
Пэн Ван, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің профессоры /ҚХР/:
- Қазіргі таңда біз жасанды интеллектің тілдік моделін, сонымен қатар климаттық мониторинг моделін жасап жатырмыз. Сонымен қатар біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің студенттерінен оннан астам бакалавр, магистратура, докторантура дайындап жатырмыз. Осы жастар болашақта екі елдің білім ғылым және инновациия сонымен қатар екі елдің кадрлар дайындау бойынша ынтымақтастық көпірі болғанын қалаймыз.
Симпозиумда ғылым мен бизнестің байланысын күшейтуге де басымдық берілді. Сарапшылардың айтуынша, университеттер мен IT-компаниялардың бірлескен жұмысы ғылыми әзірлемелерді нақты технологиялық өнімге айналдырып, жасанды интеллект саласына қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Мәдина Мансұрова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-метематика факультетінің деканы:
- CCF арқасында біз орталықтарды аша аламыз, онда студенттерді алмасу, мамандармен алмасу болады. Сонымен қатар осындай ірі компаниялар спонсорлық көмегін көрсетеді. Ол да студенттік жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Қазір университетте үлкен орталық бар. Alibaba компаниясымен біз Куэн архитектура негізінде үлкен тілдік модельдерді дамытып келе жатырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #ЖИ және цифрландыру #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz