Елде медициналық қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшті.
Былтыр елде көрсетілген 215 миллионнан астам көмектің 90 пайызға жуығы электронды форматта ұсынылған. 8,5 миллионнан аса медициналық анықтама беріліп, 5,6 миллион адам дәрігердің қабылдауына онлайн жазылды. Нәтижесінде, медицина қызметкерлерінің жүктемесі 30-40 пайызға төмендеді. 7 миллион бала мен 5 миллионға тарта әйелдің денсаулығы автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады. Ал дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау заңсыз айналымдағы 21 мыңнан астам препаратты анықтауға мүмкіндік берді. Цифрлық бақылау құны 10,6 миллиард теңгеден асатын негізсіз медициналық қызметтердің алдын алды. Келесі кезекте 1,9 мыңнан астам медициналық ұйым Бірыңғай мемлекеттік жүйеде біріктіру жоспарланған.
Алмас Крамшеев, ҚР ДСМ РЭДСО бас директорының орынбасары:
- Бүгінде цифрлық контурда 21,3 мыңнан астам медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мың бірлік медициналық техника туралы деректер жинақталған. Іс жүзінде медициналық ұйымның цифрлық паспорты қалыптастырылған. Онда кадрлар, лицензиялар, инфрақұрылым және жабдықтар туралы деректер қамтылған.
Тегтер #медицина #цифрландыру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz