RU
Толық нұсқаға өту
@kolikpress

Қазақстанда әуе бағыттарын 90% дәлдікпен модельдейтін платформа әзірленді

24.08.2026, 12:12 34

Қазақстанда азаматтық авиацияның маршруттық желісін оңтайландырып, рейстердің коммерциялық тиімділігін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін жаңа жүйе дүниеге келді. Бұл платформаны Echelon Alpha компаниясы Көлік министрлігімен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды «24KZ».

"Echelon Alpha" компаниясының құрылтайшысы Рахман Асамбаевтың айтуынша, бұл инновациялық жүйе сұранысқа ие бағыттарды терең талдауға, еліміздің транзиттік әлеуетін дәл болжауға және перспективалы маршруттық желілерді тиімді модельдеуге жол ашады.

Әуе қатынасының аналитикалық моделін құру үшін әуе тасымалдаушылардың шамамен 170 есебі және соңғы 5 жылдағы 200 млн рейс туралы деректер жиынтығы өңделді. Жүйе өңірлердің макроэкономикалық көрсеткіштерін, халық санын, тұтынушылардың қалауын, іскерлік белсенділігін және ірі оқиғалардың күнтізбесін ескереді. Платформа тек ашық және коммерциялық дереккөздер, сондай-ақ геомаркетингтік деректер негізінде жұмыс істейді, болжамдардың дәлдігін 90%-ға дейін қамтамасыз етеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz