RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет «Digital Qazaqstan» жоспарын бекітті

26.08.2026, 13:00 38

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі басталады. Үкімет «Digital Qazaqstan» жоспарын бекітті.

Құжат ел экономикасын цифрландыруды жеделдетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және жасанды интеллект пен жаңа технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған. Жоспар аясында бірқатар маңызды бағыт бойынша нақты шаралар жүзеге асырылмақ.

Қазір Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында. Ал жаңа стратегия осы жетістіктерді бір жүйеге біріктіріп, жасанды интеллектіні экономиканың негізгі салаларына енгізуді көздейді. Құжат үш басым бағыттан тұрады. Біріншісі – әлеуметтік төлемдер, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы  азаматтарға көрсетілетін  бірқатар қызметті жетілдіру. Бұл дегенім тұрғындардың анықтама жинап, түрлі мекемеге жүгіну қажеттілігі азаяды. Екіншісі бизнес пен экономикаға барынша тиімді етіп оңтайландыру қарастырылған. Артынша мемлекеттік аппараттта енгізу көзделген. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі.

Салық саласында интеллектуалды әкімшілендіру моделіне көшу жоспарланып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, бірқатар салық процесі азаматтың немесе кәсіпкердің қосымша әрекетінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады. Үкімет мұны «көзге көрінбейтін» салықтық әкімшілендіру жүйесін қалыптастыру деп сипаттайды. Жаңа тәсіл салық төлеушілердің уақытын үнемдеумен қатар, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған. Банктердің кемінде 80%-ы жаңа цифрлық жүйеге қосылады. 2028 жылға қарай еліміздегі екінші деңгейлі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратты қауіпсіз алмасуға арналған цифрлық жүйеге қосу жоспарланған. Бірыңғай цифрлық платформаға қосылған және жеке тұлғаларға қаржы өнімдерін ұсынатын ұйымдар үшін де осындай меже белгіленген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz