RU
Толық нұсқаға өту

Оқушылар ЖИ дұрыс пайдаланып жүр ме?

01.09.2026, 07:30 24

Жасанды интеллектіні кей ел балабақшадан бастап оқыта бастады.

Жаңа технология былтыр бірқатар елдің оқу бағдарламасына енді. Қытай, Эстония, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мектептерде мемлекеттік деңгейде міндетті пән.

Сөйтіп әлем цифрландыруға көшті. Дегенмен білім саласындағы мамандар, оқу дағдысын мұғалімдер мен ата-аналар жіті бақылап, қадағалағны жөн деп кеңес айтады. Өйткені нағыз білім үздіксіз ізденуді талап етеді.

«Жасанды интеллект жүйесін енгізбеген ел, көш соңында қала береді». Дүниежүзілік банк сарапшылары осылай ескертеді. Иә, қазір жаңа технологияның жаһандық жарысқа айналғанын куәміз. Экономикасын қуатты етуді көздейтін әр ел технологияның тілін балабақша бүлдіршіндерден бастап, мектеп, жоғары оқу орнына дейін оқытуды жүктеп отыр. Chegg компаниясы жүргізген сауалнамаға сүйенсек, сабақ орындау кезінде Ұлыбританиядағы  жасөсіпірмдерің 94, Германияда 93 пайызы белсенді жасанды интеллектінің көмегіне жүгінген. Сөйтіп үй тапсырмасын орындау деңгейі 18 пайызға өсіп, уақыт жағынан 65 минуттан, 45 минутқа азайған. Алайда емтихан нәтижелері көңіл көншітерлік емес. Алайда білім инемен құдық қазғандай. Әр оқушының ақпаратты қабылдауы әртүрлі. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ технологияны ересектерден де жақсы білетіні тағы бар. Педагог мамандардың алаңдайтыны да осыда. Бала жасанды интеллекті арқылы тапсырманы орындауға емес, сол тапсырманы шешу жолдарына пайдалануы керек дейді.   

Дани Херро, Клемсон университеті педагогика ғылымдарының профессоры:

- Балалар ақпаратты ажыратуды үйренуі керек. Ақиқат пен ойдан шығарылған дүниенің айырмашылығы неде? Ненің шынайы, ал ненің жалған екенін қалай анықтауға болады? Негізінде, осындай мәселелер жасанды интеллектіні зерттеуге алып келеді. Бірақ олар оқушылар үшін ерте жастан өте маңызды, өйткені бұл оларды өмірдің осы кезеңіне дайындауға көмектеседі.

Оқушылар ЖИ дұрыс пайдаланып жүр ме?

Жасанды интеллект қазірдің өзінде күнделікті оқу үдерісінің бір бөлігі ретінде еніп жатыр. 2022 жылы ChatGPT пайда болғаннан кейін бұл үдеріс тіптен жылдамдады. Оқушылар үй тапсырмасын орындауда чат-боттарға жүгінсе, мұғалімдер сабақ жоспарын құру, оқу материалдарын бейімдеу, кері байланыс беру және әкімшілік жұмыстарды жеңілдету үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалана бастады. Алайда әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жасанды интеллектіні мектепке енгізу мен оны білім сапасын арттыру үшін тиімді пайдалану – екі түрлі мәселе. Биылғы Digital Education Outlook есебінде 2024 жылы төменгі орта білім беру деңгейіндегі мұғалімдердің 37%-ы жасанды интеллектіні өз жұмысында қолданғаны көрсетілген. Олардың 57 %-ы сабақ жоспарларын жазуға немесе жақсартуға көмектеседі деп санайды. Ал 72%-ы оқушыларға өз бетімен іздегенін жөн көреді. Бұл академиялық адалдыққа сай келмеуі мүмкін.

Меган Бертон, Оберн университеті STEM бағдарламасының бастапқы білім жөніндегі профессоры:

- Менің ойымша, мұғалімдер жасанды интеллектіні сабақ барысында негізгі құрал ретінде емес, көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Бұл ретте оқушылардан зерттеушілік тәсілді қолдануды және мәселелерді шешуді талап ететін сабақтарды ұйымдастыру маңызды. Мысалы, мұғалім оқушылардың бір топта жұмыс істеп, түрлі идеяларды әзірлеу үшін миға шабуыл әдісін қалай қолданатынын көрсете алады. Содан кейін олар түрлі чат-бот сияқты жасанды интеллект тетіктерін пайдаланып, сұрақ қою арқылы тапсырмасын жетілдіре алады.

Мұғалімдер ЖИ дұрыс пайдаланып жүр ме?  

Мұғалімдер жасанды интеллектіні өз жұмысының бір бөлігін автоматтандыру үшін пайдаланып отыр. Оның көмегімен сабақ жоспарын әзірлей алады, бір тақырыпты әртүрлі деңгейдегі оқушыларға бейімдейді, тапсырмалардың бірнеше нұсқасын дайындайды, мәтінді жеңілдетіп немесе күрделендіріп береді. Идеялар мен мысалдар ұсынады. Яғни жасанды инттеллект  мұғалімнің жүктемесін едәуір азайтады. Алайда технологияға толық сену де қиын. Мұның артында жасанды интеллект қолдануға мұғалімдердің технологияға сенімсіздігі, жауаптардың дұрыстығына күмән келтіру, оны дұрыс қолдану жолдарын білмеу және қауіпсіздік мәселелері жатыр. Бұл да жаңа технология тетіктерін әлі де жетілдіруді талап етеді. 

Жасанды интеллект оқушының оқуға деген ынтасын ашуға көмектесе ме, әлде ойлау қабілетін әлсірете ме? Қазір ғалымдар осы мәселеге алаңдайды. Өйткені жаңа технология дамып жатқанымен, әлі толық бірқалыпты жүйеге түскен жоқ.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz