RU
Толық нұсқаға өту

Білім саласындағы цифрлық жобалар

01.09.2026, 11:00 21

Биыл елде Цифрландыру және жасанды интеллекет жылы. Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін айтқан еді.

Қазір елде цифрлық сауаттылыққа бала кезден оқытылады. Бұл үшін арнаулы мұғалімдер даярланады. Педагогтердің біліктілігін арттыратын курстар бар. Арнаулы платформа жұмыс ітеп тұр. Платформа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен бөлек, араб тілінде де қолжетімді. Бұл жүйені алда Таяу Шығыс, Орталық Азия және Африка елдеріне шығару жоспарланып отыр. Бір айта кетерлігі, биыл алғаш рет жасөспірімдерге арналған алғашқы креативті индустриялар инкубаторы өтті. Оған 12 өңірден 23 мұғалім мен жүзден астам жеткіншек қатысты. 

Давид Туганов, Қазақстан креативті индустрия альянсының президенті:

- Біз алтыншы жыл қатарынан STEM бағыты бойынша да байқау өткізіп келеміз. Биыл сайысқа 38 команда қатысты. Оның 15-і өздері әзірлеген медициналық жобаларды таныстырды. Балалар глаукоманы анықтайтын құрылғы, экзоскелет, ангиохирургияға арналған тренажер және робототехника саласындағы жұмыстарын ұсынды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz