RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ шаруалардың жұмысын жеңілдетті

07.09.2026, 19:55 40

Елде 13 млн гектардан аса ауыл шаруашылығы жері қайта бөлінді.

Нәтижесінде биыл мал жаятын шаруаларға 5 жарым млн гектар берілсе, тағы 8 млн гектар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге конкурс негізінде ұсынылды. Бос жатқан алқаптар ғарыштық мониторинг пен геоаналитика арқылы анықталып жатыр. Одан бөлек, саланың тиімділігін арттыруға жасанды интеллект қолданылуда. Нейрожелі ресурстарды басқарудан және селекциядан бастап, егістіктің жай-күйін бақылау мен шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға дейінгі бағытта пайдаланылады. Оған қоса биыл 34 ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру аяқталады. Зерттеу нәтижесі өсімдік, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында іске асырылады. Жалпы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үлесін 40%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Қазір бұл көрсеткіш – 22%.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz