RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда оркестр сахнасын робот-дирижер басқарды

12.09.2026, 15:50 379

Алматыда Құрманғазы оркестрінің 93-ші маусымы ерекше форматта ашылды. Ұлттық музыка мен заманауи технологияны тоғыстырған концертте оркестрді робот-дирижер басқарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот-дирижерді сахнаға шығарудағы мақсат – ұлттық музыканы жаңа буынға заманауи форматта таныстыру. Концертте Алматыға арналған шығармалар, қазақ киносының саундтректері, классикалық туындылар мен күй өнерінің жауһарлары орындалды. Қала күніне арналған музыкалық кешке танымал өнерпаздар Жұбаныш Жексенұлы, Батыржан Мықтыбаев, Ұлжан Байбосынова, Айдос Жабағин және Әсел Рақымжан қатысты. Сондай-ақ Алматының символы – апорт алмасына арналған көрме ұйымдастырылды.

Абылай Тілепберген, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері:

- Биыл Президентіміз жариялағандай, 2026 жыл жасанды интеллект жылы. Сол мүмкіндікті пайдаланып, робот дирижерді шақырып отырмыз. Біз алдын ала оған жылдамдық бойынша, дирижердің қол сермеуі бойынша алдын ала нұсқауларды программалап, беріп қойдық. Сонымен қатар ІТ технологияның ішінде ұшатын көбелектер де келіп жатыр, концерт барысында болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz