RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда жылу жүйесіндегі апаттарды анықтайтын цифрлық жүйе енгізіліп жатыр

22.09.2026, 21:09 37

Павлодарда 2030 жылға дейін 23 жылу пункті қайта жаңартылады.

Қазір қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асады. Ал инфрақұрылымның тозу деңгейі 87 пайыз шамасында. Бұл былтырмен салыстырғанда төмен. Жылу жүйелерін жөндеумен қатар заманауи IT-технологиялар енгізіліп жатыр. Павлодар жылу желілері инженерлік инфрақұрылымның «цифрлық егізін» әзірлеуге кірісті. Жаңа жүйе жылумен қамтуға қатысты барлық негізгі көрсеткішті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жоба толыққанды цифрлық платформаға айналады. Жүйе апат немесе ақау болған жағдайда орнын диспетчерлерге бірден көрсетіп, тұтынушыларға автоматты түрде хабарлама жібере алады.

Жанат Семенов, «Павлодар жылу желілері» ЖШС пайдалану жөніндегі бас инженері:

- Егер қысым немесе температура төмендеп, магистральдық желіде ақау пайда болса, диспетчерлік қызметке бірден хабарлама келеді. Экранда тиісті белгі көрсетіледі. Осылайша біз бригаданы  нақты қай жерге жіберу керектігін біліп отырамыз. Бұл тиісінше жылдам әрекет ету уақытын үнемдейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz