Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Digital Bridge халықаралық форумында мәлімдеді. Соныман қатар жақында Президент Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын жеткізді. Әрі мүдделі ел осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң, жаһандық деңгейде қолдануға болатынын алға тартты. Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жасанды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңызды деп санайды. Ал аталған тізім нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйене отырып, Қазақстан мен шетелден келген командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсынды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Дамыған елдер ЖИ-ді өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және басқа да салаларға жаппай енгізіп жатыр. Осы орайда біз де белсенді ширақ және ұшқыр болуымыз қажет. Бұл еліміздің болашағы үшін өте маңызды қадам.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz