RU
Толық нұсқаға өту

NVIDIA елдегі AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады

02.10.2026, 13:12 40

Елімізде NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды. Алдағы уақытта Екібастұзда қуаты 30 мегаватт болатын деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жоспарланған.

Кейін оның қуатын 1 гигабайтқа дейін арттыру көзделіп отыр. Жобаның келесі кезеңіне NVIDIA компаниясы да қатысуға ниетті. Президент осы бастаманы табысты жүзеге асыру үшін аталған компаниямен жасалған келісімдердің маңызына тоқталды. Жалпы Nvidia – жасанды интеллект дәуіріндегі әлемдік технологиялық алпауыттардың бірі. 1993 жылы Дженсен Хуангтың жетекшілігімен құрылған. Компанияның қаржылық көрсеткіштері де жоғары. Жуырда Nvidia Fortune Global 500 рейтингіне енген компаниялар арасында таза пайда бойынша бірінші орынға шықты. Америкалық компанияның әрбір 100 долларлық сатылымынан қалатын таза пайда 55 доллардан асады. Тізімдегі алғашқы бестікте Microsoft, Alphabet, Meta және Apple компаниялары бар.

Сарапшылар қазір жасанды интеллект саласында бәсекелестік күшейген тұста технологиялық компаниялар қаржыны негізінен дата-орталықтарға бағыттап отырғанын айтады. Бұл өз кезегінде технологиялық компаниялардың шығынын арттыруы мүмкін.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz