AI & Digital Bridge форумы аясында Астананың инновациялық дамуына арналған жобалардың таныстырылымы өтті.
Онда бас шаһардағы инфрақұрылым, көлік қатынасы, тұрғын үй шаруашылығы түйткілдерінің айти шешімдері ұсынылды. Astana Innovations Accelerator бағдарламасына қатысуға ұзын саны 354 өтінім берген екен. Арнайы оқытудан өткен соң, жастар айти өнім құрап шыққан. Ең үздік деген 17 стартап бүгін форумда таныстырылды. Бұл шағын стартаптар үшін pitching тәжірибесін жинақтап, инвесторларды назарына ілігудің бірден бір мүмкіндігі. Технологиялық тұрғыдан ұтымды жобалар форумдағы көрмеде көптеп ұсынылған.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #AI & Digital Bridge 2026 #көрмеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz