Алматыда өткен KIOGE 2026 мерейтойлық конференциясында энергетика саласын цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.
Жиында «Теңізшевройл» компаниясының мамандары смарт-инженерияны дамыту тәсілдерін таныстырды. Бұл – инженерлік және өндіріс деректерін бір арнаға тоғыстыратын жүйе.
«Теңізшевройл» компаниясы өндірістегі жұмысты қауіпсіз әрі тиімді жүргізу үшін заманауи технологияларды пайдаланады. Соның бірі – Smart Engineering цифрлық жүйесі. Ол инженерлерге, өндіріс пен жабдықтарға қатысты мәліметтерді біріктіретін заманауи платформа. Бұл мамандардың уақытын үнемдеп, өндіріс барысын сапалы бақылауға мүмкіндік береді.
Билли Лакоби, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры:
- «Теңізшевройл» цифрлық өзгерістер жасауда жаңа технологияларды енгізумен ғана шектелмейді. Бұл технологиялар мамандарға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп ойлаймыз. Сонымен қатар өндірістегі қауіпсіздік пен сенімді сапаны арттыруы тиіс. Осы өзгерістер компания мен Қазақстанға ұзақ уақыт бойы оң әсерін тигізуі қажет.
Компания лазер арқылы өндіріс нысандарының цифрлық егізін жасады. Енді мамандар жабдыққа өзгеріс енгізбес бұрын оны алдын ала тексере алады. Осылайша, адам тарапынан болатын қателік азаяды. Уақыт пен шығынды үнемдейді. Ал арнайы жүйе нысандар туралы мәліметті бір платформада сақтайды.
Елена Тен, «Теңізшевройл» ЖШС цифрлық технологиялар бойынша кеңесші:
- Кәсіпорында мамандардың қажетті ақпаратты дер кезінде алуына мән берілген. Бұл өндірістік нысандардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізуге жол ашады.
«Теңізшевройл» компаниясы алдағы уақытта цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Бұл өндіріс үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жабдықтардың сенімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Цифрлық шешімдер өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, энергетика саласындағы жұмыстың қауіпсіз жүруіне әсер етеді.
Авторлары: Ернұр Рысбай, Валентин Лобанов, Сержан Жұмабаев
Тегтер #24KZ #жарнама #Теңізшевройл #цифрлық шешімдерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz