OpenAI компаниясы Қауіпсіздік бөлімінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Business Insider басылымы хабарлады. Дэвид Робинсон өз шешімін ұжымдағы мәдени түйткілдермен және жасанды интеллектіні жасауда туындаған қауіп-қатермен байланыстырады. Ол нейрожелілердің пайдасы мен құндылығына бұрынғыдай сеніммен қарайтынын жеткізді. Робинсон OpenAI-да жүйелердің ашықтығы үшін жауап берді. Ол ЖИ-модельдердің сипаттамасы мен қауіп-қатері жазылған карталарды дайындаумен айналысты.
Тегтер #24KZ #OpenAI #Дэвид Робинсон #жасанды интеллект #нейрожеліPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz